“Нұр-сәби 7” бөбекжай бақшасы»
“Нұр-сәби 7” бөбекжай бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2017 ж бастап балаларға тәрбие мен білім беру мақсатында жұмыс жасап келеді. Бақша ғимараты балаларға оңтайлы жағдай жасау үшін ыңғайластырылған.Бақша ғимаратында әр жас ерекшелігіне арналған топ бөлмелері,жатын бөлмелері,кең әрі жарық дәліз, балаларға арналған әжетханалар, ас бөлмесі, мектепке дейінгі жас ерекшелігіндегі балаларға арналған кітапхана, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жасақталған бөлмелер бар. Балабақшаның техникалық жағдайы:
Ғимарат-2 қабатты
Ғимараттың жалпы көлемі – 0.1000 га
Құрылыс ауданы –355,7 ш/м
Ғимараттың ауқымы-2205 ш/м
Балабақша ауласы көгалдандырылған, серуенге арналған алаңдар мен ойын алаңдары бар. Ойын алаңқайлары толығымен күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғалған.
Ғимаратта әдістемелік бөлме, саз-әуен залы, медициналық арнайы бөлме, көкөніс қоймасы, азық-түлік бөлмесі, кір жуу бөлмесі бар. Балабақша сенбі, жексенбі күндерінен басқа 5 күн жұмыс істейді, жұмыс уақыты таңғы сағат 8.00 мин. кешкі сағат 18.15 мин. Оқу тілі – қазақша.
Қуаттылығы – 150, тәрбиеленушілер саны - 67.
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынегізінде балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау.
Балабақшаға 2 жас пен 6 жас аралығындағы балалар келеді.
Балалар ED-24kz базасына кезекке турады, ваучер берілген соң белгілі ережеге сәйкес топтарға орналастырылады.
2025-2026 оқу жылында балабақшада 4 топ жұмыс жасап жатыр.
Бүгінгі күнде балабақшада 1 меңгеруші,әдіскер, 4 педагог-тәрбиеші, 4 тәрбиешінің көмекшісі, бөбекжай-бақша медбикесі, аспазшы, шаруа ісі орынбасары, есепшіжұмыс жасайды.
Балабақша Шымкент қаласы мектепке дейінгі білім беру орындарында балаларды тәрбиелейтін, басқа балабақшалардың тәрбиешілерінің тәжірибе алмасатын білім беру мекемесі болып табылады.
Балабақша бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жалпы саны – 21. Ішкі нүктесі-17, сыртқы нүктесі-4. Кіре берісте пандус орнатылған. Дабыл түймесі орнатылған. Кіре беріс қақпаға домофон орнатылған. Бақша ғимараты биік әрі қауіпсіздікті толық қамтамасыз ететін қоршаумен қоршалған.
Әр топ Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес жабдықталған.
Ән-күй залының жабдықталуы: проектор, экран, музыкалық орталық.